{metadescription}
Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші істі болып жатыр

Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші істі болып жатыр

Алматыда балаларды ұрған №37 балабақшаның тәрбиешісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Алматының полиция департаменті балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді. Балаларды ұрып-соғу видеосы болжам бойынша №37 балабақшада түсірілген, кеше Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда тәрбиеші екі сәбиді төсектен жұлқып тұрғызып, бірнеше рет шапалақпен тартып жібереді де, артынша аяқ киіммен ұрады.

Қазір бұл оқиғаға қатысты Алатау ауданының полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Полицияға ата-аналардың бірі кеше түнде арыз беріпті.

«Полицияға баланың анасы өткен түні арызданды. Бұл дерек ҚР ҚК 140 бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 35 жастағы тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жақын арада іс материалдары сотқа жолданады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомство мәліметінше, жақын арада істің материалы сотқа жіберіледі.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде