{metadescription}
«Канело» Джейкобсты жеңді

«Канело» Джейкобсты жеңді

12 раундқа созылған жекпе-жекті Геннадий Головкин де тамашалады.

Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) жұдырықтасты. Головкиннің бұрынғы қарсыластары WBA Super, WBC және IBF чемпиондық титулдарына таласты. Аталған жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен бокс кешінің ел асыға күткен кездесуі болды. Шаршы алаңдағы кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер бірауыздан жеңісті мексикалыққа берді - 116:112, 115:113, 115:113.

Көптен күткен жекпе-жек 12 раундқа созылды.  «Канело» ұпай санымен жеңіске жетті. Осылайша Альварес кәсіпқой бокстағы 52-ші жеңісіне қол жеткізсе, Джейкобс үшінші рет жеңіліс тапты. Айта кетсек, T-Mobile Arena аренасында қос боксшының жекпе-жегін Геннадий Головкин де тамашалады.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде