{metadescription}
Ата-аналар 12 жасар каннибал қыздың балаларымен бірге оқуына қарсы шықты

Ата-аналар 12 жасар каннибал қыздың балаларымен бірге оқуына қарсы шықты

Өзінің каннибал екенін мойындаған қыз дүйсенбіден бастап үйінде сабақ оқиды.

Бұған ата-аналардың шағымы себеп болып отыр. Дәл қазір қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр. Ата-аналар адамның етін жеген қыздың өзінің баласымен бір сыныпта оқуына қарсы шықты. 

2018 жылдың күз айында полиция қызметкерлері өзінің каннибал екенін мойындаған ер адам мен 12 жастағы қызды қолға түсірген болатын. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, олар жас жігітпен дәмханалардың бірінде танысқан. 

Үшеуі бірге жекеменшік үйде бірнеше күн түнейді. Бір күні арада жанжал туып, ер адам жас жігітті соққыға жығады. Кейін ер адам оның денесін бөлшектеп, етін жей бастайды. Тергеу барысында бұл қылмысқа қыз баланың қатысы бары анықталады. Мектеп оқушысы психиатрда емделген, ал ер адам қылмыстық жазаға тартылды. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.