{metadescription}
Алматыда көлік апатынан 9 адам көз жұмды

Алматыда көлік апатынан 9 адам көз жұмды

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 9 адам қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Lada автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан 9 адам көз жұмды.

«Lada және Toyota Camry көліктерінің соқтығысуынан қаза тапқандардың үшеуі әйел адам. Марқұмдардың кім екені анықталды. Олар Алматы, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары.  Алдын-ала болжам бойынша Lada көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағыттағы көлікке соғысқан. Сот-алды тергеу ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілуде»,-деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тергеу барысын Алматы облыстық Полиция департаменті бақылауға  алды.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.