{metadescription}
Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

Оралда екі автобус соқтығысты.

Салдарынан 11 адам зардап шекті. Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі «Жазира» аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соқтығысты. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.

«Оқиға орнында 6 бригада жұмыс жасады. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі - ер адам, қалғаны - әйелдер) облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр», - деді А.Сақпосынова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде