{metadescription}
Атырауда атқа мінген полиция бастығы желіні шулатты

Атырауда атқа мінген полиция бастығы желіні шулатты

ҚР Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Дүйсембаев А.С.-ке қатысы бар деп әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоны тексеруде.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Қатаң шара қолданылатынын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

"ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде