{metadescription}
Ауа райының қолайсыздығынан 23 адам қайтыс болды

Ауа райының қолайсыздығынан 23 адам қайтыс болды

Үндістанның Ассам штатында  ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен аптаның ішінде 23 адам қаза тапты.

Бұл туралы апатты жағдайды басқару органы мәлімдеді. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Ассам штатының 13 тұрғыны найзағайдан қайтыс болса, ал қалған 10 адам жойқын желдің салдарынан қаза тапқан.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап ауа райының қолайсыздығынан 23 мыңға жуық отбасы зардап шеккен. Ең үлкен залал Голагат, Сивасагар, Зубри, Сонтипур және Качар аудандарына тиді. Билік өкілдері қайтыс болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтып, мемлекеттік бюджеттен 400 мың рупий (шамамен 5,7 мың доллар) қаржы бөліп берді.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде