Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Алматы облысында 18 жастағы тұрғын Амангелді Айгүл Жанатбекқызына іздеу жарияланды.
08:51 16.05.2019
Айгүл Жанатбекқызы Амангелді 13 мамыр Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Бойжеткеннің үстінде ақ жейде, көгілдір шалбар мен ақ және алтын түстес аяқ киім болған. Оның ерекше белгілері: бойы 160-165 см, шашы - сарғылт, көзі көк-сұр түсті. Үстіне көк шалбар, ақ жиде киген.
Алматы облысының полиция департаменті Айгүл Амангелдіні іздестіру жұмыстары 13 мамырдан бастап жүріп жатқанын хабарлады. Із-түзсіз кеткен аруды Талғар ауданы мен Алматы облысының полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Оған қоса, іздестіру жұмыстарына қоғамдық көмекшілер мен еріктілер қосылған.
«Егер кімде-кім Айгүл Амангелді жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса бірден 8 (7282) 600-232, 600-233, 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 немесе 102 номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram