{metadescription}
Алматы облысында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Алматы облысында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Алматы облысында 18 жастағы тұрғын Амангелді Айгүл Жанатбекқызына іздеу жарияланды.

Айгүл Жанатбекқызы Амангелді 13 мамыр Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Бойжеткеннің үстінде ақ жейде, көгілдір шалбар мен ақ және алтын түстес аяқ киім болған. Оның ерекше белгілері: бойы 160-165 см, шашы - сарғылт, көзі көк-сұр түсті. Үстіне көк шалбар, ақ жиде киген. 

Алматы облысының полиция департаменті Айгүл Амангелдіні іздестіру жұмыстары 13 мамырдан бастап жүріп жатқанын хабарлады. Із-түзсіз кеткен аруды Талғар ауданы мен Алматы облысының полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Оған қоса, іздестіру жұмыстарына қоғамдық көмекшілер мен еріктілер қосылған.

«Егер кімде-кім Айгүл Амангелді жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса бірден  8 (7282) 600-232, 600-233, 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 немесе 102 номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», -  делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде