{metadescription}
Димаш Құдайберген атақты әнші Андреа Бочеллимен кездесті

Димаш Құдайберген атақты әнші Андреа Бочеллимен кездесті

Димаш Құдайберген танымал италиялық әнші, классика және кеңінен таралған музыкалардың орындаушысы Андреа Бочеллимен Бейжіңде кездесті.

Бочелли Димаштың ғажайып дауысы бар екенін атап өтіп, оған сәттілік тіледі.

«Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып, батасын берді. Көргеніме қуаныштымын аңыз тұлға!», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Бейжіңде бүгін Азия мәдениетінің карнавалы өтіп жатыр. Іс-шараға танымал қытайлық және әлемдік әншілер қатысып жатыр. Азия мәдениеті карнавалының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген бірнеше әншімен бірге ән шырқайды.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.