{metadescription}
Талдықорғанда 2 жасар қыз балабақша терезесінен құлап кетті

Талдықорғанда 2 жасар қыз балабақша терезесінен құлап кетті

Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде 2 жасар қыз екінші қабаттан құлап кеткен. 

Оқиға «Қарлығаш»  шағын орталығында болған. Қазір зардап шеккен қыз аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Желіде видеобақылау камерасының жазбасы жарияланды.

Видеода  балабақша қызметкері қызды көтеріп, ашық тұрған терезенің алдындағы тақтайға тұрғызады. Тәрбиеші оның жанына тағы бір баланы алып келеді. Олар терезенің алдына сыймай, бірін-бірі итере бастайды да, қыз москит торына сүйенеді. Тор салмақты көтере алмай, баламен бірге сыртқа түсіп кетеді.  

Ғимараттың сыртындағы камерадан түсірілген тағы бір жазбада қыздың екінші қабаттан құлаған сәті көрінеді.

«Аталған дерек бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 141 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істің тергеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде