{metadescription}
Алматы іргесінде қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Алматы іргесінде қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Әйтей ауылынан жеті шақырым жердегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр.

Төтенше жағдайлар комитеті бұл ақпаратты растады.

«16 мамыр күнгі түнгі сағат 2:30-да өртке қарсы қызметке Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатқаны туралы хабар түскен. Қатты тұрмыс қалдықтардан тұтанған өрттің аумағы бір гектарды қамтыды  деген болжам бар. Құрбан болған немесе зардап шеккендер жоқ» - делінген  Комитеттің мәліметінде.

Төтенше жағдайлар өрттен зардап шеккендер жоқ деп хабарлады. Әлеуметтік желі қолданушылары 16 мамырға қараған түннен бастап түтін мен ысқа шағымдана бастаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде