{metadescription}
Павлодарда жер үй өртеніп, қария құтқарылды

Павлодарда жер үй өртеніп, қария құтқарылды

Павлодарда Челябинск көшесі 33 мекенжайындағы жер үйде өрт шықты.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Кеше сағат 18:55-те Челябинск көшесі 33 мекенжайы бойынша өрт шыққандығы жөнінде хабар келіп түсті, - деді баспасөз қызметінде.

7 бөлмелі кірпіш үйдің жуынатын бөлмесінде үй заттары, электрлі тұрмыстық техникалары отқа оранған. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19:22-де толық жойылды. Үй иесі 1938 жылғы әйел адам газбен уланды деген диагнозбен №1 қалалық емхананың терапия бөліміне жеткізілді. Алдын ала анықталған себеп бойынша тілсіз жау электр техникаларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуынан туындаған. Қазіргі уақытта шығындар анықталуда. Оқиға орынына №2 өрт сөндіру бөлімінің 8 адамы мен 2 автоцистерна жұмылдырылды.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде