{metadescription}
Назарбаев: Қазақстанда екі президент жоқ, біреу ғана

Назарбаев: Қазақстанда екі президент жоқ, біреу ғана

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан XII Астана экономикалық форумында Қазақстанды «Екі президент» басқарады» дегенге қатысты пікір білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында сөз сөйледі. Ашылу салтанатында Тоқаев туралы сөз қозғады. 

«Мен Тоқаевты аяқсыз қалған істі жалғастыратын, дайындықтан өткен тәжірибелі адам деп есептеймін. Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін. Сондай-ақ тыныш жағдайда транзитті қамтамасыз ету және басталған істі аяғына дейін жеткізу», - деді Елбасы.

Сондай-ақ Назарбаев аздаған қолайсыздық тудырған мәселелер туралы да пікір білдірді. Қазақстанды бір ғана президент басқаратынын мәлімдеді.

«Мен сіздерге ыңғайсыздық тудырып жатқанымды білемін: алдымен, «тұңғыш президент» сосын «президент», - деп хабарлайсыздар. Алайда, Қазақстанда мұндай екі президенттік басқару жоқ. Бір ғана президент бар және ол – ең бастысы», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде