{metadescription}
Қазақстандықтар веложарыстан 4 медаль еншіледі

Қазақстандықтар веложарыстан 4 медаль еншіледі

Елордада велотректен «Silk Way Series Astana» ірі халықаралық турнирі жалғасуда.

Қазақстандық велошабандоздар екі жарыс күнінде төрт медаль еншілеп үлгерді. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Әлішер Жұмақан «скретч» бойынша бірінші орын иеленді. Екінші орында қазақстандық тағы бір спортшы Сұлтанмұрат Мірәлиев. Турнирдің қола жүлдесін қытайлық  Джинсон Ли жеңіп алды. 

Осы қашықтықта сынға түскен Ғабиден Әзер, Игорь Юсифов, Роберт Гайнеев және Йоган Штейн сәйкесінше 6, 15, 16 және 17-орындардан көрінді. «Кейриннен» бас жүлдені ресейлік Павел Якушевский жеңіп алды. Күміс ұлыбританиялық Джейсон Кеннидің, қола қазақстандық Павел Воржевтің еншісінде. 

Сондай-ақ, ұпай жинауға арналған топтық жарыста Асылхан Тұрар алтын иеленді. Ол Өзбекстан және Қытай спортшыларын артта қалдырған. Екінші жарыс күні әлі жалғасуда.  Айта кетелік, кеше Қазақстан командасының көшбасшысы Артем Захаров «онмиум» бағдарламасы бойынша топ жарды.     


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде