{metadescription}
«Balapan» арнасының жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

«Balapan» арнасының жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

«Balapan» арнасының көрермендерінің көзайымына айналған 13 жасар Құтжан Бағлан қайтыс болды.

Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

«АУЫР ҚАЗА...Талантты бала еді... Рамазан айында дұға етіп едік... Орны толмас өкініш... Қысқа ғұмыр... Не деген ауыр еді... Алла алдынан жарылқасын! Ата- анаңа, туғандарыңа сабыр берсін!»,-деп жазды ол.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегілер Құтжан Бағланның апатқа түсіп, ауыр хәлде жатқанын жазып, халықтан дұға тілейік деген жазбалар қалдырып еді.

«Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай да жеткіншектің қазасына қайғырып, оның жақындарына көңіл айтты.

«Көзін ашады деп қанша сенсек те, Бағлантай бүгін арамыздан кетіп қалды... Кіп-кішкентай болып, өзің жақсы көрген, қызмет істеген "Балапан" телеарнасы үшін қаншама еңбек сіңірдің. "Ойлан, тап!", "Біз де бала болғанбыз", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Дұрыс-бұрыс" бағдарламаларын жылдар бойы жүргіздің. Өнердегі, спорттағы, білімдегі жетістіктерің қаншама! Сенің осы қып-қысқа ғұмырың, жеңіс пен жетістікке толы, арманға толы, еңбекке толы 13 жылың бәрімізге үлгі. "Балапан" телеарнасы және оның миллиондаған көрермені сені ешқашан ұмытпайды! Мағыналы ғұмырың үшін рахмет, қош бол, құлыншақ... Бағланның ата-анасына, «Balapan» ұжымына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Мақпал Жұмабай Instagram парақшасында.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде