{metadescription}
«Голос. Дети» байқауының нәтижесі жоққа шығарылды

«Голос. Дети» байқауының нәтижесі жоққа шығарылды

Ресейдің Бірінші арнасы «Голос. Дети» байқауының алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарды.

Бірінші арна әнші Алсудың қызының жеңісінен соң үлкен дау тудырған соңғы маусымның нәтижесін жоятын болды. Арна қызметкерлері дауыс беру нәтижелерін тергеу жұмыстарының алдын ала қорытындысын алғаннан кейін осындай шешім қабылдаған.

«Аралық тексерулер дауыс беру процесіне сырттан ықпалдың болғанын растады. Соңғы есеп мамыр айының соңында белгілі болады. Алайда, Бірінші арна биылғы маусым нәтижелерін қазірден жоққа шығару жөнінде шешім қабылдады» - делінген ақпаратта.

Барлық финалистердің қатысуымен өтетін шоу 24 мамырда қайтадан арнайы көрсетілім ұйымдастырады. Айта кетейік, кибершабуылдардың алдын алуға және күрделі сандық тергеулерді жүргізуге маманданған Group-IB компаниясы Алсудың қызының пайдасына жаппай SMS жіберілгенін анықтады. Еске салсақ, 11 жастағы оралдық өнерпаз Ержан Максим аталмыш конкурста Валерий Меладзенің командасында өнер көрсетіп, екінші орын иеленген болатын.

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде