{metadescription}
Екі дүркін әлем чемпионы апатқа ұшырады

Екі дүркін әлем чемпионы апатқа ұшырады

«Формула-1» класындағы автошабандоз, екі дүркін әлем чемпионы Фернандо Алонсо өзінің жарыс машинасын соғып, аман қалды.

Оқиға әйгілі «Индианаполис 500 миль» автожарысына дайындық кезінде болды. Алонсо үшінші айналымда жолдан шығып кеткен. Автошабандоздың айтуынша, ол асфальтпен ажыратқыш деңгейін дұрыс шамаламаған.

«Болар іс болды, сол үшін уақыт жоғалтып алдық. Команда үшін өкінемін. Алайда бұл жолы сабақ алып, келесі жолы мықтырақ боламыз», -дейді Фернандо Алонсо.

Алонсо оқиғаға қатысты пікірін медициналық тексеруден өткеннен соң білдірді. Таң қаларлығы, шабандоз ешқандай зардап шеккен жоқ. Алайда ол сағатына 340 км жылдамдықпен қоршауға соғылған еді. Алонсо «Инди 500» жарысына екінші рет қатысуға дайындалып жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде