{metadescription}
Ит тірідей жерге көмген сәбиді тауып, құтқарып қалды

Ит тірідей жерге көмген сәбиді тауып, құтқарып қалды

Тайландтың Накхон Ратчасима провинциясында ит өрістен тірідей көмген жаңа туған баланы тауып алды.

Оқиға 15-мамыр күні болған.  41 жасар Уза Низайка (Usa Nisaika) фермерлік алқаптардың біріне итпен серуенге шыққан. Серуендеу кезінде иті Пинг Понг кенеттен жерді тырмалап, қаза бастаған. Иесі итті қызықтырғанын не екенін көруге келгенде, жердің астынан баланың аяғын көрген. Низайка жаңа туған шарананы жерден қазып алып тез ауруханаға жеткізген.  Ол оны тез босатып, ауруханаға апарған.

Қазіргі уақытта сәбидің денсаулығына еш қауіп жоқ. Полицейлер баланың анасын іздеп тапты – ол 15 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Қыз жүктілігін жасырып, жұрт көзінен таса жерде босанғанын мойындады. Ата-анасынан қорқып, баланы көміп тастауға шешім қабылдапты. Оқушының әке-шешесі баланы ауруханадан алып кетіп, тәрбиелеп өсіруді жоспарлап отыр екен. Низайка ауыл тұрғындары төбеттің әрекетіне таңғалып, оны батыр деп атап жүргенін айтты. Ол Пинг Понг әрқашан адал әрі тілалғыш ит болғанын атап өтті.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.