{metadescription}
Белгісіз біреу Арнольд Шварценеггерді қос аяқтап бір тепті

Белгісіз біреу Арнольд Шварценеггерді қос аяқтап бір тепті

Голливуд жұлдызы фанаттарымен кездескен сәтте ту сыртынан шабуыл жасалған.

Әлеуметтік желіде белгісіз адамның актер Арнольд Шварнецггерге арқа тұсынан шабуыл жасаған видео тарады. Оңтүстік Африка Республикасындағы Arnold Classic Africa шарасы кезінде белгісіз фанат Голливуд актері Арнольд Шварценеггерді арқасынан қос аяқтап бір тепті.

Кадрларда актер телефонын ұстап, балаларды видеоға түсіріп, фанаттарымен сөйлесіп жүр. Кенет арт жағынан біреу жүгіріп келіп Шварценеггерді арқасынан қос аяқтап бір тепті. Күтпеген қатты соққыдан актер бір жаққа ығысып кетті. Ал шабуылшыны күзет бірден ұстап алған.

Оқиға салдарынан кино жұлдыз ешқандай зардап шекпеген екен. Бірнеше минуттан соң Арнольд өз орнына қайта оралып, көрермендермен әңгімесін жалғастырды.

«Arnold Classic Africa ұйымдастырушысы Уэйн Прайстың айтуынша, бұл оқиға алдын ала жоспарланған, себебі шабуылдаушы бұрын да осындай әрекеттерімен құқық қорғаушылардың назарына іліккен», - делінген Arnold Classic Africa хабарламасында.

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде