{metadescription}
Әлемде тұңғыш рет жүргізушісіз ұшатын такси жасап шығарылды

Әлемде тұңғыш рет жүргізушісіз ұшатын такси жасап шығарылды

Немістің lilium стартапы бес адамдық сыйымдылықпен автономды ұшатын такси прототипін көрсетті.

Компанияның айтуынша, бұл әлемдегі алғашқы ұшатын такси. Компания өкілінің айтуынша, жақында прототип алғашқы сынақтардан өткен. Өздігінен ұшып, ауаға қалықтап, жерге қайта қонған. Электр энергиясымен қоректенетін аппарат сағатына 300 км еңсеруге қабілетті. Бірнеше өзге компаниялар осындай аппараттарды жасағанымен, олардың ешқайсысын бортқа екі адамнан артық алмайды.

«Біз орын санын екіден беске арттыруға үнемі тырыстық. Бұл көп саяхатшылардың аспанға ұшуына жол ашады», - деді атқарушы директор және lilium негізін қалаушы Дэниел Виганд.

Ұшатын такси 36 электрмоторын қозғалысқа түсіреді, деп жазады stan.kz. Бұл оған тік отыруға және ұшуға мүмкіндік береді. Компания қуаткөзі бір сағаттық жаттығу үшін жекілікті екенін айтады. Lilium 2020-ші жылдардың ортасында жаппай өндіріс моделін іске қосуға үмітті.

Автономды ұшатын таксилер қазірдің өзінде еуропалық Airbus авиаонцернімен, Uber компаниясымен және бірнеше стартаптармен тестуден өтуде. Бұл көлік түрін жасап шығарушылар ұшатын такси қала халқының ұтқырлығын арттырып, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге көмектеседі деп санайды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде