{metadescription}
Дәмхананы тонамақ болған жігіт күлкіге қалды

Дәмхананы тонамақ болған жігіт күлкіге қалды

Ұры дәмханалар желісіне терезе арқылы кірген.

Дәмхананы тонамақ болған жігіт күлкіге қалды. АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Дейд округінің полиция департаменті сәтсіз ұрлық видеосымен бөлісті. Ұры дәмханаға терезеден кірген екен. Бетін көк жейдемен жауып, сатушыны қарумен қорқытқан. Жігіт кассадағы ақшаны талап етіпті. Осы сәтте дәмхана қызметкерлері қашып үлгерген.

Жігіт кассаны ашуға қанша тырысса да, құрылғының қалай жұмыс істейтінін түсіне алмапты. Жолы болмаған ұры үйіне ақыры құр қол қайтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.