{metadescription}
12 жасар блогер қыз өзі тапқан ақшаға көлік сатып алды

12 жасар блогер қыз өзі тапқан ақшаға көлік сатып алды

Таиландта тұратын бьюти-блогер Натанан Санунрат өзінің 12-ші туған күніне құны 150 мың британ фунты болатын BMW автомобилін сатып алды.

Nong Pear атты есіммен танылған қыз, тіпті, аяғының көлік педаліне жетпейтінін мойындады. Санунрат 18 жасқа толғанға дейін аталған көлікті ата-анасы мінетін болады. Блогер кәмілеттік жасқа толған шағында Porsche маркалы автомобильді алуды жоспарлап отыр. 

Санунрат YouTube желісінде макияж туралы видеоблогтар жүргізу арқылы ақша табады. Оның каналында бірнеше мың жазылушысы бар. Ол небәрі 3 жасынан бастап боянып, төрт жасқа толғанда алғашқы бьюти блогын түсірген болатын. Ата-анасы қыздарын блог түсіруге міндеттемейтіндерін айтады. 

«Біз Санунраттың қызығушылығын қолдаймыз, бірақ оны міндеттемейміз. Оған бұл қажет те емес. Себебі, ол ересек адам секілді өзін өзі ұйымдастыра біледі», - дейді олар. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.