{metadescription}
Елордада жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

Елордада жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда Тілендиев көшесінде автокөлік пен шағын автобус жол апатына ұшырады.

Жүк көлігінің жүргізушісі шағын автобусты соққан. Апат салдарынан шағын автобустың он бір жолаушысы зардап шекті, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды.  

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова айтты. Оның айтуынша, жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. 

Айта кетейік, елордада тағы бір жол-көлік апаты болды, Абылайхан даңғылы бойында «Nissan XTrail»  маркалы көлігі «Lifan Х50» автомашинасына соқтығысты. Оқиға орнында бір адам көз жұмып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде