{metadescription}
Алматы облысында жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды

Алматы облысында жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды

Марқұмның мүрдесін таулы аймақтан полицейлер мен еріктілер тапты.

"19 мамыр күні  17 сағат 30минуттар шамасында Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына жақын таулы аймақтан  Айгүл Амангелдінің мәйіті табылды. Қыздың денесінде қандай да бір қинап өлтіру белгілері байқалмайды",-деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен өзіне қол салған болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама өлімнің нақты себебін анықтайды. Аталмыш факті бойынша ҚК 105-бабына сәйкес тергеу басталды. Еске сала кетейік, Айгүл Амангелді 13 мамыр күні үйінен емтихан тапсыру үшін оқу орнына шығып, қайта оралмаған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде