{metadescription}
Құрылыс краны құлап, жаңа үйлер зардап шекті

Құрылыс краны құлап, жаңа үйлер зардап шекті

Душанбеде 30 метр биіктіктен құрылыс краны құлап, жақын орналасқан жаңа үйдің бірнеше пәтеріне залал келген.

Куәгерлердің айтуынша, кран көрші 13 қабаттық тұрғын үйдің 9-қабатына құлаған. Жаңадан көшіп келген тұрғынның бірі шок алып, ауруханаға түскен. Кранға иелік ететін "Дунёи Амир" құрылыс компаниясы басшылығы бұл қайғылы оқиға деп, залал келген пәтерлердің бәрін жөндеп береміз деген.

"Кран қатты желден құлап кетті. Ол СССР заманынан бері келе жатқан ескі техника еді, жақында жаңасын аламыз. Кран 6-7 ай бұрын тексеруден өткен. Біз зиян келген пәтерлердің бәрін жөндеп беруді міндетімізге алдық", - деді компанияның бас инженері Рахматулло Давлатов.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде