{metadescription}
Қостанайда үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Қостанайда үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында екі өрт оқиғасы тіркелді.

Бұл туралы  облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға Денисов ауданында болды. 

«Глебов ауылында жеке тұрғын үй секторы жанды. Өрт 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 1967 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Өрт туған-туыстарының көмегімен сөндірілді. Кісі өлімінің себептері анықталуда», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. 

Осы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Рудный қаласының Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде пәтер өртенді. Тұрғын үйден 25 адам эвакуацияланды, оның төртеуі – бала.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.