{metadescription}
Отандық таеквондошы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі

Отандық таеквондошы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі

Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан спортшылары әлемдік сынды бір қола медальмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz. Елімізге жалғыз жүлдені сыйлаған – Қайрат Сарымсақов. Ол 74 келі салмақта жартылай финалға жетіп, 2016 жылғы  Рио Олимпиадасының чемпионына есе жіберді.

Бұл Қайраттың қола медаль еншілеуіне жеткілікті нәтиже болатын. Сарымсақов осыдан екі жыл бұрынғы әлемдік сында да үздіктер қатарына енген. 

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы көрсеткіші төмендегідей: 

3 орын – Қайрат Сарымсақов (74 келі)

5 орын – Смайыл Дүйсебай (87 келі)

9 орын – Руслан Жапаров (+87 келі)

9 орын – Эльдар Бірімбай (63 келі)

9 орын – Елдос Ысқақ (68 келі)

10 орын – Нұрсұлтан Мамаев (68 келі)

12 орын – Жансель Дениз (73 келі)

17 орын – Нұрлан Мырзабаев (80 келі)

19 орын – Фариза Алдоңғарова (53 келі)

25 орын – Фатима Жақсыбаева (62 келі)

25 орын – Мереке Жүнісова (+73 келі)

28 орын – Темірхан Самат (54 келі)

37 орын – Ақсәуле Ерқасымова (67 келі)

38 орын – Ботагөз Қапанова (57 келі)

38 орын – Айнұр Уашба й (46 келі)

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.