{metadescription}
Әйел адам баланы үй кіреберісінде ұрлап әкетпек болды

Әйел адам баланы үй кіреберісінде ұрлап әкетпек болды

Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған роликке қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның Қызылордада болғанын хабарлады.

Видеоны желі қолданушыларының бірі жариялаған. Белгісіз әйел баланың артынан тұрғын үй кіреберісіне жүгіре кіріп, бүлдіршінді сөзге тартып, кейін сөмкесін тартып алған. Біраздан кейін кадрда тағы бір әйел, ер адам және полиция қызметкері көрінеді.

Астананың полиция департаменті желіде тараған роликке қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның Нұр-Сұлтанда емес, Қызылордада болғанын мәлімдеді. Департамент заңда жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Белгілі болғандай, оқиға 16 мамыр күні шамамен 20:40-та Қызылорда қаласында болған.

«Тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде мас әйел кәмелетке толмаған баланың сөмкесін ұрлап әкетпек болды. Алайда көп ұзамай осы үйдің тұрғындары оны қолға түсірді», - деп хабарлады Қызылорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-тармағы және 24-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.