{metadescription}
Жынысын жігітке ауыстырған трансгендер дәрігерлердің қатесінен өлі бала туды

Жынысын жігітке ауыстырған трансгендер дәрігерлердің қатесінен өлі бала туды

АҚШ-та 32 жастағы трансгендер ауруханаға түсіп, өлі бала туды. 

Баланың өлімі дәрігерлер мен медбикенің науқасқа немқұрайлы қарағаны себеп болуы мүмкін. Қыз болып туған америкалық жігіт ауруханаға барып, ішінің ауырып тұрғанын айтады. Медбике оған немқұрайлы қараған. Оның ауруы семіздікпен байланысты деп ойлаған. Науқастан қысымды түсіретін дәрі ішпеуді сұраған.

Науқас медбикеге өзінің трансгендер екенін айтады. Ол бірнеше жыл тестостерон дәрісін ішкен. Сол себепті уақытша етеккірі мен аналық жасушаның жетілу кезеңі жойылған. Дәріні ішуді тоқтатқанда жүктілікке тест тапсырады. Нәтижесінде өзінің жүкті екенін біледі. Медбике тағы бір рет тест тапсырып көруін сұрайды да, жағдайын тұрақты деп бағалайды. 

УДЗ-ден баланың жүрек қағысының бар-жоғы белгісіз болды. Кесарь тілігін жасаған соң іштен өлі баланы алып шықты. Бұл жағдай елдегі барлық медициналық мекемелерге ескерту болды. Дәрігерлердің көмегімен баланы аман алып қалуға болар еді. Бұған гендерлік жағдайдың себеп болып отырғанын айтты. Оның орнында әйел адам болғанда, тексеру дұрыс жүріп, тиісті көмек көрсетілер еді деген сын айтылды.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде