{metadescription}
Бауыржан Байбек жақын арада 500 автобустың пайдалануға берілетінін айтты

Бауыржан Байбек жақын арада 500 автобустың пайдалануға берілетінін айтты

Бауыржан Байбек ұлымен бірге №205 автобуспен жүріп, демалысын барша алматылықтар жиналатын Панфилов көшесінде өткізген.

Бауыржан Байбек қоғамдық көлікпен жүріп, бірқатар қателіктерді де аңғарған. Оған қоса, қала басшысы алматылықтардың өміріне қатысты да пікір білдірді.

«Жексенбі күні кешкісін балалармен бірге Панфилов көшесіне баруды жөн көрдік. BRT желсіндегі 205-ші автобусты күтіп тұрып, бұл бағдардың аялдамадағы қағаз кестеде жоқ екенін байқадым. Бірақ автобус электронды таблоға сәйкес дәл уақытында келді», - дейді  Бауыржан Байбек.

Соңғы екі жылда Алматы автобус паркі 80%-ға жаңарды. Бірақ, әлі де жұмыс көп. 38 маршрут бойынша жүретін ескі автобустарға қатысты шағымдар көп түседі.

«Жақында тағы 500 автобус келеді. Сол кезде осы бағдарды бірінші айырбастаймыз», - деп уәде берді қала басшысы.

«Қалалықтардың көңіл-күйі жақсы, Алматыға сай. Бәрі бал-бұл жанып жүр, дәмхана мен мейрамханалар лық толы. Гоголь көшесіндегі кітап дүкеніне кірдік. Жастар көп – қуантарлық жайт. Үйге метромен қайттық. Ескі станцияларда мүгедек жандарға жағдай барлық жерде жасалмаған, дәретханалар жоқ. Жаңа жобаларда осының бәрі ескеріледі», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.