{metadescription}
Әкесі бір айлық қызын қатты жылағаны үшін перзентханаға қайтарып берген

Әкесі бір айлық қызын қатты жылағаны үшін перзентханаға қайтарып берген

Ол туған сәбиін перзентхананың табалдырығына қалдырып, кетіп қалыпты. 

Ресейдің Вологда қаласында әкесі туған сәбиін перзентхананың табалдырығына қалдырып, кетіп қалыпты. Сәбиді аурухана қызметкерлері тауып, полицияға хабарлаған. Сол күні полицияға әйел адам шағымданып, өзі азық-түлік алуға кеткенде күйеуі мен сәбиінің жоғалып кеткенін айтыпты. 

Арада 4 күн өткеннен кейін жас әке полиция бөлімшесіне өзі келген. Ол қызы қатты жылап, оны тыныштандыра алмағандықтан, перзентханаға қайтарып бергенін мойындапты, деп жазады stan.kz. Ал артынша өзінің не істегенін түсінгенде, үйінен кетіп қалыпты. Арада бірнеше күн өткеннен кейін үйге келуге батылым барды, дейді ол.

Ер адам полиция бөлімшесіне келгенде мас болған. Сондықтан ол әкімшілік бап бойынша тұтқындалыпты. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Белгілісі, отбасы әлеуметтік қызметкерлердің есебіне алынатын болады. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде