{metadescription}
Кәсіпкер 400-ге тарта студенттің қарызын төлеп бермек

Кәсіпкер 400-ге тарта студенттің қарызын төлеп бермек

Америкалық миллиардер, филантроп Роберт Смит Атлантдағы Морхаус колледжі түлектерінің алдында сөйлеген сөзінде студенттердің қарызын төлеп беретінін айтты.

Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

"Осы елде тұрған сегіз атамның атынан көліктеріңізге аздаған жанармай құйып беруге бекініп отырмыз", - деді Смит.

Ол 396 түлектің жалпы алғанда шамамен 40 миллион доллар қарызын төлеп бермек. Колледж президенті Дэвид Томас миллиардердің әрекетін "азат ету" деп бағалады. Роберт Смит – Vista Equity Partners инвестициялық компаниясының негізін қалаушысы әрі директоры. 2019 жылғы Forbes-тегі ең бай америкалықтар тізімінде 355-орында тұрды.

Морхаус колледжінде өткен ғасырда АҚШ-тағы қара нәсілділер құқығы үшін күрескен Мартен Лютер Кинг оқыған. Оқу орнының студенттері - түгелдей афроамерикалықтар. Роберт Смит Морхауста доктор дәрежесін алған. Студенттер қарызы - АҚШ-тағы ең үлкен мәселелердің бірі. 2018 жылы мұндай қарыз көлемі 1,5 триллион долларға жетіп, соңғы он жыл ішінде екі есе өскен.

Дереккөз: azattyq.org

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде