{metadescription}
Жігіт иті үшін қалыңдығын тастап кеткен

Жігіт иті үшін қалыңдығын тастап кеткен

28 жастағы жігіт той қарсаңында қалыңдығын тастап кеткенін желіге жазды.

Жігіт демалыс күндері ата-анасына кеткенде итін қалыңдығына қалдырған. Қыз итке жақсы қарайтынын айтып, уәде берген. Қалыңдығы жігітінің итіне жақсы қарайтынын айтып уәде берген. Бірақ итке қарамаған. Ит бірнеше кәмпит жеп қойып, жағдайы нашарлаған.

«Сенбі күні таңғы сағат 5-те ол маған қоңырау шалып, итіме бірдеңе болып қалғанын айтты. Ол удай мас еді. Сондықтан оны таксимен мал дәрігеріне жібердім. Мен сол жерге барғанымда, ол бірнеше сағат бойы жылағандай күйде еді. сөйлей алмады. Ал екі құрбысы иттің тірі екенін, алайда жағдайы өте нашар болып жатқанын айтты», - деп жазды ер адам

Қалыңдық екі құрбысымен бірге ішкен сусын мен шоколадты үстелдің үстінде қалдырған. Ал ит сол тәттілерді жеп қойған. Осыдан кейін жігіт қызбен байланысын үзіп, той болмайтынын айтқан.

«Мәселе итте емес. Мен оның басқа адамдардың өмірі мен жануарларға немқұрайлы қарайтынын түсіндім. Күн сайын бала онымен бірге қалғанда не болады екен деп уайымдағанша қазір оңбаған болғаным жақсы», - дейді жігіттің өзі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде