{metadescription}
Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады

Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады

Қалалық полиция бірден екі қылмыстық іс қозғаған.

Сайрам аудандық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Қасақана кісі өлтіру" бойынша айыпталған 1959 жылғы өзбек азаматына қатысты шешім шығарды. Күдіктіні марқұмның туыстары ұстапты, оған да шұғыл медициналық жәрдем қажет болды. Белгілі болғандай, өзбекстандық бір жыл бойы Түркістан облысы Сайрам ауданына келіп, жергілікті тұрғынның қол астында жұмыс істепті. Соңғы рет келгенінде қожайынмен есептесуді жөн көреді, бірақ жұмыс беруші бас тартқан екен, деп жазады sputniknews.kz.

Жанжалдың арты төбелеске ұласып, өзбек азаматы ер адамды темір арматурамен өлгенше сабап тастайды. Әкесінің айғайлаған дауысына келіп жеткен жігіт күдіктінің үстінен түсіп, тағы да төбелес шығып, бұл жолы өзбекстандықтың өзі ауыр жарақат алған. Ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Қазір оны полицейлер күзетіп отыр. Жұмысшысының қолынан ажал құшқан ер адамның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауап береді.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде