{metadescription}
1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 65%-ға өседі

1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 65%-ға өседі

Биыл 1 шілдеден бастап құқық қорғаушылардың жалақысы өседі.

«Ал құқық қорғаушының мәртебесін көтеру үшін біз жалақыны көтеріп жатырмыз. Мәселен, қысқартудың нәтижесінде шамамен 16 миллиард теңге үнемделіп отыр. Оған қоса, үкімет бізге 20 миллиард бөліп отыр. Мұның бәрі 1 шілдеден бастап жалақыны көтеруге мүмкіндік береді», - деді Калайчиди журналистерге берген сұхбатында.

Кейбір қызметкерлер 300 мың теңгеге дейін алады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді. Оның айтуынша, 2021 жылға дейін еліміздің құқық қорғау жүйесін ауқымды түрде реформалау жоспарланған және жалақыны көтеру – аталмыш реформа тармақтарының бірі.

«Бұдан бөлек, баспананы жалға алғаны үшін өтемақы алатындардың тізімі кеңейеді. Бүгінде ондай ақшаны тек шұғыл және тергеу қызметкерлері ғана алып жүр. Ендігі кезекте ол тізімге патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, жалпы, 9 мыңнан астам адам кіретін болады. Оған да қаржы бөлінеді. Осылайша, орташа жалақы 107 мың теңгеден 150 мыңға дейін өседі. Оған қоса, тұрғылықты жеріне қарай баспананың өтемақысы 70-200 мың теңгенің аралығында болады», - деп атап көрсетті Калайчиди.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде