{metadescription}
Шіркеудегі атыс салдарынан үш адам қаза тапты

Шіркеудегі атыс салдарынан үш адам қаза тапты

Сейсенбі күні кешкісін Паракату қаласындағы (Минас-Жерайс штаты) шіркеуде болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты.

Анықталғандай, қаруланған азамат ғибаданханаға кіріп, ішіндегі адамдарға оқ жаудырған. Ғибадатханаға келген екі адам мен діни қызметкер ажал құшты. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушының көздегені дәл сол діни қызметкер болған, бірақ ол қашып құтылған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің қаскүнемге қарсы қару қолдануына тура келген, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Қылмыскердің төртінші құрбаны - өлімнен қашып құтылған шіркеу қызметкерінің әйелі. Ол тұрмысқа шықпай тұрып шабуыл жасаушымен жақын қарым-қатынаста болған. Қайғылы оқиға болған күні кешқұрым қаскүнем әйелге пышақ салып өлтірген.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде