{metadescription}
Ақтау тұрғыны тарақанды улаймын деп үйді өртеп алды

Ақтау тұрғыны тарақанды улаймын деп үйді өртеп алды

Ақтау тұрғыны өрт сөндірушілерді аяғынан тік тұрғызды.  

Ақтауда құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі 15 адамды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірді. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Рукия Сычеваның айтуынша, оқиға 21 мамырда 3-шағын аудандағы №20А тұрғын үйде болған.

"101" қызметіне аталған тұрғын үйден түтін шығып жатқаны жайлы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқанын анықтаған.

Құтқарушылар ондағы 15 тұрғынды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірген. Оның арасында 4 бала бар. Кейін аталған тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің иесі үйін тарақаннан улағаны мәлім болды. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде