{metadescription}
Италияда қазақстандықтар мінген автобус аударылды

Италияда қазақстандықтар мінген автобус аударылды

Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер мінген автобус аударылып, бір адам қаза тапқан.

"Бастапқы деректерге сүйенсек, жол апатынан зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Он шақты жолаушы әртүрлі жарақат алған, төртеуі ауыр халде жатыр. Анықталғандай аударылған автобустың ішінде 9 Қазақстан азаматы болған.

«9 азаматтың 5-еуі емханаға жатқызылды, ал қалған  4 адам қонақүйге орналастырылды. Зардап шеккен қазақстандықтар түрлі деңгейде жарақаттар алған. Жақын күндері жергілікті дәрігерлер толық медициналық тексеру жүргізіп, оларды ары қарай емдеудің жолдарын ұсынатын болады. Біздің дипломатия отандастарымызбен бірге және оларға қажетті көмектің барлығын жасауда. Зардап шеккендердің туыстарына оқиға туралы хабар берілді», - делінген таратылған ақпаратта.

60 жолаушысы бар автобустың апатқа түсу себебі белгісіз. Corriere della Sera басылымының мәліметінше, аварияға тайғақ жол түрткі болуы мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде