{metadescription}
Өзгенің әйелін жыныстық қатынасқа көндірді деп айыпталған имам жұмыстан шықты

Өзгенің әйелін жыныстық қатынасқа көндірді деп айыпталған имам жұмыстан шықты

Алматы облысы Ескелді ауданында орын алған жағаұстатарлық жағдайға байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады.

Ескелді ауданынан қарасты ауыл мешітінің имамы Қадір Әмбиұлы бала-шағасы бар, тұрмыстағы келіншекті төсек қатынасына итермелеп, оған зорлық көрсеткен. Осыған байланысты Бас мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеме жасады. 

"Қазіргі уақытта əлеуметтік желілерде Қадір Әмбияға қатысты таралып жатқан мəліметтерге байланысты ҚМДБ келесі жағдайды мəлімдейді. Әмбия Қадір 2016  жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауылдағы мешітке молда қызметіне тағайындалған. 2019 жылдың 30 сəуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта Қайнарлы ауылдық молдасының қызметін атқару өзге адамға жүктелген. Орын алған оқиғаның толық мəн-жайы тиісті құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде",- деп молданың жұмыстан шығып кеткендігі, қазір ол мешіттке жұмыс жасамайтындығы туралы айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, имамнан қорлық көрген әйелдің күйеуі Есхат Әйнекбекұлы болған жағдайды баяндап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетке видео жолдағаны туралы айтқан едік. 

Дереккөз: Stan.kz 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде