{metadescription}
Алматыда екі көлік бетпе-бет соғылып, 4 адам зардап шекті

Алматыда екі көлік бетпе-бет соғылып, 4 адам зардап шекті

Алматы қаласы Түрксіб ауданында жүк көлігі мен шетел көлігі бетпе-бет соқтығысып, салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға түсті.

Жол апаты Лавренев көшесінде Жұлдыз шағын ауданы мен 70-ші разъезд арасында кешкі бес кезінде болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan Cefiro Лавренев көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Кенет, жылдамдығын азайтпастан, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетіп, "ГАЗель" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысады.

Қатты соққыдан екі көлікке де қатты зақым келді. Көмекке ұмтылған куәгерлер жеңіл көліктегі төрт зардап шегушіні алып шыққан. Бәрі де ауыр жарақат алды. Ал "ГАЗель" жүргізушісі зардап шекпепті. Қазір жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде