{metadescription}
Елордалық пара-каратэшілер халықаралық жарыста 16 медаль жеңіп алды

Елордалық пара-каратэшілер халықаралық жарыста 16 медаль жеңіп алды

Елордада пара-каратэ бойынша халықаралық «Nur-Sultan Open 2019» инклюзивті турнирінің қорытындысы шығарылды.

Жарыс қорытындысы бойынша команда қоржынына 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде салынды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында. Додаға Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 500-ге жуық спортшы қатысты. Елордалық команда сапында барлық мүгедектік түрі бойынша әр түрлі жастағы пара-каратэшілер күш сынасты.

Ережеге сәйкес, жекпе-жектерге тек денсаулығы бойынша шектеу қойылмаған қатысушылар ғана жіберілді. Шараны ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, WKF каратэ-до және дәстүрлі жауынгерлік өнер федерациясы мен «Асыл Бала» қауымдастығы. 

Турнирге пара-каратэден Әлем чемпионы, РФ Балалар құқығы жөніндегі қоғамдық палатасының мүшесі, протезбен 42 шақырым жүгірген марафоншы Сергей Бурлаков қонақ ретінде шақырылды. Танымал спортшы өз өнерін көрсетіп, елордалық мүгедектігі бар балаларға арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Әсия Тұрсыноваға «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлықты табыстады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.