{metadescription}
Алматыда «Әлиев» ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды

Алматыда «Әлиев» ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды

Алматы қаласының соты «Әлиев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ресми мәліметке сәйкес, 15 мамырда Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Әлиев»  тобының жетекшісі Қадыр Әлиевті және оның сыбайластары - Аңсар Дартаев, Дмитрий Терешин мен Ерсен Жұмабаевты 7 жыл және 1 айға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.

«Сотталғандардың төртеуі адам ұрлау, тонау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын иемдену фактілері бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, өткен жылы 10 қазанда Алматыда ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны Қадыр Әлиевтің жетекшілігімен жүрген қарулы ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған болатын. Топтың негізін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері құраған. Олар 2018 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысындағы Отар станциясында кәсіпкер Агалюллинге қарулы шабуыл жасап, 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың евро иемденіп кеткен.

Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 пистолет пен қару, 140 бірлік оқ-дәрі, радиостанциялар, автомобильдердің жалған номерлік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен басқа да қарақшылық шабуыл жасауға арналған құралдар табылып, алынды. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларымен ұрланған ақшалай қаражат жәбірленушіге қайтарылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.