{metadescription}
Ақсуда жанып жатқан пәтерден 2 баланы алып шықты

Ақсуда жанып жатқан пәтерден 2 баланы алып шықты

Желтоқсан көшесі, 21 мекенжайы бойынша бес қабатты тұрғын үйде өрт тіркелді.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 19.40-та төртінші подъездің бірінші қабатында бір бөлмелі пәтерден өрт сөндірушілер екі баланы құтқарып қалды, - дейді департаментте.

Сондай-ақ, жоғарғы қабаттан сегіз ересек және алты бала сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақта техника мен жиһаздарды шарпыған. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам мен үш техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Дереккөз: pavlodarnews.kz

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде