{metadescription}
Желіде сайлау туралы сауалнама жүргізген Алматы тұрғынына айыппұл салынды

Желіде сайлау туралы сауалнама жүргізген Алматы тұрғынына айыппұл салынды

Қазақстанның Бас прокуратура ел тұрғындарын сайлау заңнамасының бұзылуына жол бермеуге шақырды.

Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына байланысты сауалнама жүргізген екі азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы 23 мамырда Қазақстан Бас прокуратурасы өзінің ресми сайтында хабарлады.

«Бас прокуратура кезектен тыс президенттік сайлау кезінде заңдылықты сақтауға, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңында көзделген қоғамдық сауалнама жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайды»,- делінген хабарламада.

Министрлік әлеуметтiк желi арқылы сайлау туралы сауалнама жүргiзудiң заңбұзушылық болып табылатынын ескертті. Бірақ, қазірдің өзінде осындай бұзушылық жіберген бірнеше қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгеріпті.

Прокуратура таратқан хабарға қарағанда, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған Алматы қаласының тұрғыны 17 мамырда 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (37 875 теңге) айыппұлға кесілген. Ведомство хабарында "Facebook" әлеуметтік желісінде жасаған құқық бұзушылығы үшін Алматы облысының тұрғыны тап осындай әкімшілік жауапқа тартылды" деп жазылған.

 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде