{metadescription}
Әйел көлік сатып алар ақшасын 10 жыл жинап, 66 қап тиынмен төледі

Әйел көлік сатып алар ақшасын 10 жыл жинап, 66 қап тиынмен төледі

Қытайдың Цанчжоу қаласының тұрғыны жаңа көлік сатып алып, ақысын 66 қап тиынмен төледі. 

Қытайлық әйел салоннан құны 190 000 юань (10 млн 400 мың теңге) болатын Volkswagen Passat көлігіне тапсырыс берді. Сатып алушы көліктің ақшасына тbын толы 66 қап берді. Қап ішінде 13 мың тиын болған. Айтуынша, ақшаны банке салғаннан гөрі алып келген ыңғайлы болған. Ол 10 жыл бойы көлік сатып алу үшін тиынмен ақша жинаған екен. 

Сатушылар жабылып тиынды санай бастады. Видеодан олардың жанында қаптар мен тиындар шашылып жатқанын көруге болады. Қызметкерлер тиынды банкке өткізбек. Дүкен иесінің айтуынша, 17 қызметкер тиынды үш күн бойы санаған. Ақырында әйел көлік үшін 191 492 юань төлеп, қалғанын электронды банк арқылы берді. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде