{metadescription}
Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер мұсылмандардың ашуын келтірді

Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер мұсылмандардың ашуын келтірді

Redbubble онлайн платформасы Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер үшін сынға ұшырады. 

Тәуелсіз суретшілер қысқа белдемшелерге Алланың атын жазған. Олардың бірінде "Аллаға шүкір", "Алласыз мен ешкім емеспін" деп жазылған. Белдемшелер сайтта 25-28 фунтов стерлингке (12000 теңге) сатылды. Платформа қолданушылары тауардағы ерсілікті байқап, сын айтты. 

"Мұны көргендеріңіз бар ма? Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер. Бұл сіздердің тарапыңыздар жасалған өте ерсі қадам", - деп жазды Twitter қолданушысы. 

Redbubble  қолданушларына алғыс айта отырып, тауарды сайттан өшіретіндерін айтты. 

"Бұл сіздерге не керек? Ақылға қонбайды". "Бұл осындай миға қонбайтын дүниелер жасайтын компания", - деп жазды енді бірі. 

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде