{metadescription}
Ауызашар беруге жағдай келмесе, не істеу керек?

Ауызашар беруге жағдай келмесе, не істеу керек?

Ауызашар беру – сауапты іс.

Аузы берікті ауызашарға шақырсаңыз, ораза ұстаған адамның алатын сауабын сіз де аласыз. Аузы беріктің сауабынан да еш нәрсе кемімейді. Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін?

Бұл сұраққа исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің докторанты Қуат Қабдолда былай деді:

- Шариғатымызда ондай міндет жоқ. Ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Бастысы – ниеті болса болғаны. Адам шама-шарқына қарай, қазақ айтпақшы «Көрпеңе қарай көсіл» деген сияқты қарызданбай, мүмкіндігіңіз келгенше дастархан жаю керек. Ысырап жасамай, адам санына қарай жайған жөн.

Хадис:  

«Егер Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды». Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді?

Қуат Қабдолда, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің докторанты:

Рамазан айында Алланың алдында ең ұнамды іс – ауыз аштыру. Сахабалардың көбі кедей болған, бірақ байлар аз болған. Сонда «Біз ауыз аштыра алмасақ қайтеміз?» деген сұраққа, Пайғамбарымыз: Бір құрмамен немесе сумен болса да ауыз аштыруға болады. «Құрма да алып бере алмасақ қайтеміз?» деген сұраққа «қара су берсін» деген. Яғни, қазір қарап отырсақ, Рамазан айында  сауапты шаш етектен жинайтыны-ай. Өйткені Рамазан -  сегіз жәннаттың есіктері ашылған ай деп айтылатын себебі, осы айда сауаптар көп болып еселеніп барады. Періштелер соны қабылдап үлгере алмағандықтан, 8 жәннаттың есігі айқара ашылып тұрады екен. Бұл айда нәтіл амалдың өзі парыз амалдай, парыз амалын жасасаң 70 есеге дейін, қысқасын айтқанда 700 есеге дейін істеген істеріңізді Алла тағала көтереді. Мұның сауабын Алла өзі береді, Оразаның сауабын да Алла өзі береді. Сондықтан ораза тұтқан адамның сауабын алу үшін бір қорапша құрманы мешітке апарып, қанша адам бір талдан жесе, сонша адамның сауабын аласыз. Немесе мешітке су апарып беріңіз. Ауыз суды құмыраға құйып, мешітке әкеп: ауыз ашуға әкелдім десеңіз, қаншама адам ауыз тисе, соншама сауап аласыз. Ал енді шамасы келгендер ауызашарға дастархан жайып шақырса, өз еркі, ниеті. Тіпті бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады.

Хадис:  

«Ораза ұстаған адамға ауызашар бергеннің күнәсі кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап беріледі».  «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады». Рамазан айы басталғанда бәсекеге түскендей толтырып дастарқан жайып жарысатындар жоқ емес. Бұған көп уақыт кетіп, қаражатыңыз шамадан тыс жұмсалады. Одан гөрі құлшылыққа көбірек көңіл аударған абзал. Өзіңізге ауртпашылық салмай, арзан болса да, пайдалы, аз болса, дәмді тағам жасауға тырысыңыз. Өзгенің дастарқанынан нашарлау боп қалды деп ойламаңыз. Ысырап қылмай, адал тамақ әзірлеп сауапқа кенеліңіз.  

Ауызашарға  қандай тағам әзірлеген дұрыс? Бұл сұраққа да Қуат Қабдолда, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің докторантыжауап берді. Мына жерден оқи аласыз.

 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде