{metadescription}
Алматыда педофил 7 жасар қызды зорламақ болды

Алматыда педофил 7 жасар қызды зорламақ болды

Бұрын сотталған педофил Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде 7 жасар қыз баланы зорламақ болды.

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорламақ болған 32 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды.Оқиға 22 мамырда Бостандық ауданындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.

Мессенджерлерде тараған хабарламаға сүйенсек, күдікті 7 жасар қызды әжетханада уысына түсірген. Анасы сыртта күтіп тұрғанда, ол бүлдіршінді кабинкаға алып кіріп, смартфонынан порнографиялық видео көрсетеді. Мұның бәрін көрші кабинкада болған әйел естіп, қызға қиянат жасағалы жатқан азғынның үстінен түседі, ол бірден күзет шақырып, полицияға хабар берген. Алматының полиция департаменті бұл деректі растады.

– Кәмелетке толмаған қыз балаға қарсы қылмыс жасады деген күдікті ҚР ҚК 128 бабы бойынша қамауға алынды. Ол Ақтөбе облысының 32 жастағы тумасы. Бұрын да кәмелетке толмаған балаға зорлық жасағаны үшін сотталған. Қазір күдіктінің әрекеті ҚР ҚК бірден екі бабы: 121 бап, 4б және 124 бап, 1б бойынша қаралуда. Тергеу ісін Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы мен қала прокуратурасының бақылауында, – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде