{metadescription}
ШҚО-да сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

ШҚО-да сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

23 мамыр күні Берел ауылының тұсында автокөлік аударылғаны туралы ақпарат таралды.

Көлік тізгінінде Катонқарағай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы болған, деп хабарлайды Алтайньюс. 37 жастағы Фархат Әйнеков оқиға орнында көз жұмған.

Әйнеков Фархат Әбуғалиұлы бұған дейін Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотында бас маман болып қызмет еткен. 2014 жылы – Зырян аудандық сотының соты, 2017 жылы – Катонқарағай № 2 аудандық сотының төрағасы лауазымдарына тағайындалды. Фархат Әбуғалиұлының артында жұбайы мен төрт кішкене баласы қалды.

Мемлекеттік нөмірі 038 CS 16 қызметтік автокөлік ШҚО соттары әкімшілігінің теңгеріміне берілді. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. На место происшествия незамедлительно выехала следственно-оперативная группа отдела полиции Катон-Карагайского района. Қазір оқиғаның анық-қанығы тексеріліп, сәйкес сараптамалар тағайындалды.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.